Былтыр облыста 73 әйел жатыр мойны қатерлі ісігі диагнозымен есепке алынған. Жалпы елімізде жыл сайын мыңдаған әйел жатыр мойны обырына шалдығады. Олардың 90% бұл дерт алғашқы сатысында анықталса, өзгелері ауру әбден асқынған кезінде қаралатын көрінеді. Сондықтан мамандар тегін скринингтік тексеруден уақытылы өтіп тұруға кеңес береді. Қазір өңірде аурудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынған.