Елімізде 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу қойылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.Шектеу бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар қызметін реттейтін заң жобалары аясында енгізілмек. Заң жобасы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына орай қазіргі уақытта қоғамдық талқылауда.