Аймақта «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында мыңдаған оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Атап айтқанда, 1-4 сыныптар аралығында 56 мыңнан астам бала бір реттік ыстық тағам алса, 9–11 сыныптар арасында 7 мыңнан астам оқушы қамтылған. Қазіргі таңда жобада бірқатар өзгерістер енгізіліп, жүйені жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.