Атырау облысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне азаматтардан келіп түсетін өтініштер саны көбейген. Өткен жылы аталған мекемеге үш мыңнан астам арыз-шағым тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда едәуір жоғары. Мамандардың мәліметінше, бұрынғы жылдардағыдай, өтініштердің негізгі бөлігі жалақының уақытында төленбеуіне байланысты екен.