Қазіргі таңда облыста спорттың 81 түрі дамытылуда. Оның ішінде 29-ы – олимпиадалық, 41-і – олимпиадалық емес, 11-і – ұлттық спорт түрлері. Сондай-ақ техникалық және мүгедектер спорты да қамтылған. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов баспасөз алаңында мәлімдеді.