Атырауда мұз үстінде балық аулау науқаны қыза түсті. Әуесқой балықшылар бетті шымырлатар үскірік аязға қарамастан сүйікті ісінен жаңылған емес. Таңның атысы, күннің батысына дейін мұз үстінде отырған балықшылар өздеріне қажетті құрал-жабдықтарын сайлап, тыныштық пен табиғат аясындағы ерекше үндестік үшін Жайық үстіне ағылуда.