Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде есірткі қылмысын жасаушылардың 75 пайызы - жастар. Былтыр республика бойынша мыңдаған заңсыз әрекеттің жолы кесіліп, елу тоннадан аса есірткі тәркіленген. Мамандар бұл қылмыстың артында көбіне қаржылай қиындық пен жеңіл ақшаға сену тұрғанын айтады.