Өңірде ауа құрамындағы күкіртсутек шекті мөлшерден 36,3 есе асып түсті. Бұл көрсеткіш Химиктер ауылында тіркелді. Тасқала ауылында бұл көрсеткіш 17,5 есе, ал оған іргелес аумақта 15 есе тіркеліп отыр. Бұл елді-мекендер жергілікті Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан. Алайда зауыт өкілдері барлық жұмыстар белгіленген шекті талаптарға сай жүргізіліп жатқанын айтады. Тақырыпты Лаура Кисметова тарқатады.