Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бес мыңнан аса жәдігер цифрлық форматқа көшірілген. Көрермендер арнайы құрылғы арқылы қордағы экспонаттар жайында толық ақпарат ала алады. Сондай-ақ, жәдігерлерді жан-жақты зерделеуге мүмкіндік беретін галаграммалар да орнатылған.