Жас ұрпақтың құқықтық сауаттылғын арттыру өзектілігін жоғалтпайтын мәселе. Сондай-ақ, жаңа заң қабылданған сайын, олардың көкжиегін кеңейту маңызды. Осы ретте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан өңір жастарымен жүздесіп, заң шығару қызметі және сот-құқықтық реформалар туралы ой бөлісті.