Атыраудағы Сарыөзек арнасында су маржандарына оттегінің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында мұз бетінде арнайы саңылау ойықтар жасалуда. Бұл шараның негізгі мақсаты – судағы балықтардың қырылуының алдын алу, олардың табиғи тіршілік ортасын сақтап қалу және су экожүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазіргі кезде өзендегі мұздың қалыңдығы 24 сантиметр болса, судың тереңдігі 90 сантиметрді көрсетіп тұр.