Атырауда жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілуде. Іс-шаралар қатарында жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесулер өткізу жоспарға сай тұрақты ұйымдастырылып келеді. Тәртіп сақшылары қазіргі қоғамның өзекті кеселдерінің бірі синтетикалық есірткіден бастап, киберқылмыс тақырыбын да талқылады.