Қаладағы апатты деп танылған үйлер мәселесі әлі күнге дейін түбегейлі шешімін таппай келеді. Соның бірі - Шүкір Еркінов көшесінде орналасқан №4 және 4а тұрғын үйлер. Тұрғындарды көшіру мәселесі бірнеше рет кейінге шегеріліп, бүгінгі күнге дейін нақты шешім қабылданбаған. Ал тұрғындар үшін әр күн - қауіппен бетпе-бет келу.