Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында халықтың тарихи жадысын сақтау және ғылым-білім саласында жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын атап өтті. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, оларды терең әрі жан-жақты зерттеуге мүмкіндік бермек. Жаңа қор e-Архив, e-Кітапхана, e-Culture, e-Museum сияқты қолданыстағы жүйелермен интеграцияланады. Ал облыстық мемлекеттік архивінде цифрландыру жүйесі қалай жүріп жатыр? Тақырыпты Лаура Кисметова баяндайды.