Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың орнына Халық кеңесі құрылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші Ұлттық Құрылтайдың соңғы отырысында айтты. Халық кеңесі елдегі ең жоғары консультативтік орган болмақ. Өңірлік сарапшылар да бұл ұсыныстың ұтымды екенін атап өтті.