Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда қыз алып қашуды өрескел, жабайы қылмыс деді. Сондай-ақ, соңғы уақытта елді дүр сілкіндірген Шымкенттегі Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуын атап өтті. Сөзінде, «Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті. Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Президент Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.