Атыраулық мұнай-газ саласының ардагері, қоғам қайраткері Мақсым Ізбасов «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі реформалардың табысты жүзеге асырылуына және қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін табыс етті. Мақсым Ізбасов ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет пен мұнай-газ саласында абыройлы еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан. Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарған тұста да аймақтың дамуына бағытталған маңызды жұмыстар атқарды.