Домбыра – қазақ халқының жаны мен жүрегінің үні. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының мейрамы ретінде тойланып келеді. Қос ішектен төгілген күйдің күмбірін естіген адамның делебесі қозып, рухтанатыны рас. Атыраулықтар Ұлттық домбыра күнін ауқымды түрде атап өтті.