Балықшылар сайысы өтті. Оған 20-ға тарта адам қатысты. Жарыс ережесіне сәйкес ең бірінші ауланған балық пен ең үлкен балыққа арнайы жүлде тағайындалды. Аса тартысты өткен шарада қатысушылар белсенділік танытты. Бұған «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры қолдау көрсетті.