Жастарды жат ағымнан қорғау жолдары талқыланды. Өңірде қоғам, дін және салт-дәстүр аясында жастарды тәрбиелеу, жат ағымдардың алдын алу және патриоттық сананы қалыптастыру мәселелеріне арналған кеңейтілген кездесу өтті. облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ұйымдастырған жиынға облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, дін өкілдері және 300-ге жуық спортшы қатысты.