«Qazaqstan» телеарнасы қолға алған «Ұнайды маған» мегажобасына аймақтан 26 өнерпаз қатысады. Олардың қатарында кәсіби әншілермен бірге, сахнаға алғаш қадам басып жатқан әуесқойлар да бар. Жобаның басты мақсаты – ел ішіндегі жасырын жатқан таланттарды таныту, өнерге құштар жандарға мүмкіндік беру.