Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттауға бағытталған іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып жатыр. Осы бағытта жергілікті өлкетану мұражайында «Домбыра үні – ұлттың үні» атты уақытша көрме халық назарына ұсынылды. Шара домбыра аспабының қадір-қасиетін, рухани өресі мен ұлттық болмыстың ажырамас бөлігі екенін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған.