Елімізде қоқыс сұрыптау жүйесі шетелдегідей үйреншікті емес. Көпшілік қалдықтарды сұрыптаудың қандай пайдасы бар екенін біле бермейді. Сол себепті, қоқыс түрлерін бөлек жинауға мән беріп жатырған жан жоқ. Алайда, қалдықтарды сұрыптау қоршаған ортаға келетін зиянды азайтып қана қоймай, қоқыс жинаушылардың жұмысын жеңілдете түспек.