Атыраулықтардың 88 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген. Дегенмен, бұл жүйенің мақсатын түсінбей отырғандар өте көп. Сол себепті қаладағы ірі сауда үйінде ашық есік күні өткізілді. Тұрғындар тегін кеңес алып, өздерін қызықтырған сауалдарды қойды.