"Ақжайық" табиғи резерватының басшысы сынға қалды. Жұмысы шикі, сылбыр шенеунікке облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов осындай баға берді. Қоғамдық кеңесте Резерват аумағында болған өрттің себеп салдары талқыланды. Жалын 1510 гектар аумақты шарпып, күлге айналдырған. Бірақ, оттың неден тұтанғаны әлі күнге дейін сұрақ күйінде қалып отыр. Алайда, жауаптылар бұған
адами фактор себеп болуы ықтимал деп отыр. Әкімдіктен өткен жиыннан Ақмарал БисембаЙКЫЗЫ таркатады.