Ел дамуына, өркениеттің қалыптасуына елеулі үлес қосатын мамандардың еңбегі ерен. Салада 45 жылға жуық қызмет ететін Гүлара Ишанова айтуынша, құрылысшы болу - бұл ғасырда өз қолтаңбаңды қалдырумен тең.Дегенмен, көк аспанмен таласып, зәулім сарайлар салып жүргенде, қызметкерлерге төнетін қауіп көп екені де рас.