6 шілде Жұртты жұмылдырар Ұлттық домбыра күні.«Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы қасиетті аспабы – домбыра. Оның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл-ойы, көңіл-күйі жатыр. Домбыра – елдің көнекөз шежіресі» деп еді музыка майталманы. Айтулы күнді атап өтуге елімізде жан-жақты дайындық жүріп жатыр.