Елімізде жиі кездесетін зиянды әдеттердің көшін кофе мен энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну бастап тұр. Бұл туралы Stada Health Report 2025 зерттеуінде айтылған. Қатысқандардың 54 пайызы дәл осы сусындарға тәуелді екенін мойындады. Ал 48 пайыз респондент тамақты мөлшерден көп жеуге құмар екен.