"Лабубу» өте қауіпті ойыншық. Психологтар дабыл қақты. Айтуларынша, бүгінде
балалар тұрмақ, ересектердің өзі дүкен сөрелерінен оны таппай сабылып жүр. Қазақстандықтардың да әлемдік трендттен қалғысы жоқ. Лабубуға сұраныс күннен-күнге артып жатыр. Сондықтан, мамандар лабубудың ашулы бейнесі ұл-қыздардың психологиясына кері әсер етеді деп отыр. Ал көпшілік Лабубумен ойнағанына қарсы болып жатса, кейбір елде ойыншықты сатып алу үшін дүкендерде таласып жүр. Біздегі жағдай қалай? Мамандар нені ескертеді. Лаура Қисметова сұрақтарға жауап іздеп көрді.