Атырау қаласында волонтерлер мен экоактивистердің бастамасымен, «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл шара қала тазалығы үшін белсенділік танытқан шамамен 5000 тұрғынын біріктірді. Сенбіліктің басты мақсаты – Атырауды таза, жайлы әрі көрікті қалаға айналдыру.