Биыл қазақтың тұңғыш бард әншісі, ақын, сазгер Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл. Алты ішекті жыраулық дәстүрмен ұштастырған толағай дарынынң өнері көпке мәлім. Оның орындауындағы «Биіктік», «Ұнатамы мен сені», «Сәйгүлік» атты әндері талғампаз көрермендерді тәнтті етті. Бүгінде Табылдыны өскелең ұрпаққа насихаттау жолында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі «Болмысы бөлек тау тұлға» атты мәдени кешке әріптесім Ақмарал Бисембайқызы қатысып келді.