13 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІ
13 қараша – Халықаралық зағиптар күні. Осы датаға орай Атырауда көру қабілеті бұзылған азаматтардың қатысуымен арнайы басқосу ұйымдастырылды. Жиынға мемлекеттік мекемелер мен оңалту орталықтарының мамандары да қатысты. Кездесу мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсетіп жүрген ұйымның 5 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Басқосуда әлеуметтік бейімделу, қажетті қызметтердің қолжетімділігі және мемлекеттік органдармен өзара байланыс мәселелері талқыланды. Сондай-ақ зағип жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап, оларға тұрақты қолдау көрсету қажеттігі айтылды.