Негізгі Жаңалықтар АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АТЫРАУ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірісті жаңғырту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесуді «Әділет» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырды.Жиынға партия филиалының төрағасы, партия мүшелері мен зауыт жұмысшылары қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттар сөз болды.Қатысушылар өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарының тиімділігін арттыру және білікті мамандар даярлау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, жасанды интеллектіні өндіріске енгізу, білім мен ғылымды дамыту, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға қатысты міндеттерге тоқталды.

Бөлісу