«DIGITAL ATYRAU - 2026»: IT САЛАСЫНДАҒЫ ОЗЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жергілікті IT-мамандар мен стартап әзірлеушілер жаңа жобаларын көпшілік назарына ұсынды. «Digital Atyrau – 2026» өңірлік форумында 20-дан астам отандық IT-жоба таныстырылды. Олардың қатарында бизнеске арналған цифрлық шешімдермен бірге әлеуметтік бағыттағы бастамалар да бар. Іс-шараға технологиялық компаниялардың өкілдері, жас мамандар мен кәсіпкерлер қатысып, тәжірибе алмасты.