Телефонды қолына небәрі бірер минутқа ғана аламын деп ойлайтын адам, бір бейнеден кейін екіншісін көріп, уақыттың қалай өткенін байқамай қалады. Бүгінде әлеуметтік желілердегі алгоритмдер қолданушының қызығушылығына сай контент ұсынып қана қоймай, оның назарын, ақпаратты қабылдауына да ықпал етіп отыр. Ал адамдар шынымен өз таңдауын жасап жүр ме, әлде алгоритмдердің ұсынған ақпаратын ғана тұтынып жүр ме? Тілші тарқатады.