Құрылыс саласында цифрлық технологиялардың қолданысы артып келеді. Соның бірі - AQIQAT мемлекеттік ақпараттық жүйесі. Бұл жүйе құрылыс жобаларының құнын бақылап, жобалық-сметалық құжаттарды автоматты түрде тексереді. Бағдарлама құрылыс басталмай тұрып-ақ негізсіз қымбат көрсетілген шығындар мен күмәнді есептеулерді анықтап, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуына ықпал етеді. Жүйесі қалай жұмыс істейді? Оның құрылыс саласына қандай пайдасы бар? Толығырақ тілші материалында.