Биыл 7 айдың ішінде «109» орталығына электр жарығының жиі өшуіне қатысты 40 мыңнан астам өтініш түскен. Шағымдардың басым бөлігі Тасқала, Нұрсая, Балықшы, Жұлдыз және Атырау ықшамаудандарының тұрғындарынан тіркелген. Бұл мәселе облыс әкімі Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында қаралды. Аймақ басшысы бұған дейін жарықтың жиі сөнуіне байланысты түскен арыз-шағымдарды жан-жақты зерделеп, негізгі себептерін анықтау жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.