Жыл басынан бері өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасылық жанжалдарға байланысты 2035 хабарлама тіркелген. Оның ішіндегі 1937 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Рейд барысында 130 құқықбұзушылық анықталып, профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Толығырақ бейнематериалда.