Қазақстан халық партиясының облыстық сайлауалды штабы өз жұмысын бастады. Штабтың ашылу рәсімі сайлау науқаны аясында өтті. Іс-шараға штаб басшылығы, мәслихат депутаттары, сенімді өкілдер, партияның жастар және әйелдер қанатының мүшелері, қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында штабтың негізгі міндеттері таныстырылып, алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттары белгіленді.