25 тамыздан бастап жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, көлік басқару құқығын тоқтатуға байланысты қосымша талаптар енгізілді.ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енгізілген өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.