Атырау қаласының іргесіндегі Сарыөзек ауылында 5 гектар аумақта алма бағы жайқалып тұр. Бағбан Мұрат Халықов ата кәсіпті жаңғыртып, бүгінде отбасымен бірге тұрғындарды жергілікті өніммен қамтамасыз етіп келеді. Бақта қазір 7 түрлі сұрыптағы 550 түп алма ағашы өсіп тұр.