Қызылқоға ауданында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Рейд барысында полицияның профилактикалық және есептік тізімінде тұрған 12 отбасының тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.