Жыл соңына дейін Махамбет ауданында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Соның бірі - Ортақшыл ауылында салынып жатқан спорт нысаны. Жаңа кешен 300-ге жуық баланың спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Сарайшық ауылындағы жаңа мөлтек ауданда инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда газ, су және электр желілері тартылып, 3,4 шақырым ауылішілік жол құрылысы қолға алынған. Толығырақ сюжеттен көрейік.