Махамбет ауданында жиын-терім науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін егіс алқаптарынан 10 мың 714 тонна өнім жиналды. Биыл аудандағы 71 шаруа қожалығы мен жеке сектор 5 мың 337 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын еккен. Шаруалардың айтуынша, көктемгі жауын-шашынның мол түсуі мен тамшылатып суару технологиясын қолдану өнім көлемінің артуына оң әсер еткен. Жиын-терім науқанының барысын ауданға арнайы барып келген тілшіміз Асылан Мәлік баяндайды.