Қазақстанда әскери есепке алу жүйесі жаңартылып, толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Енді 17 жасқа толған ер азаматтар және әскери-есептік мамандығы бар әйелдер автоматты түрде әскери есепке қойылады. Жаңа өзгерістердің негізгі мақсаты - әскерге шақыру процесін цифрландыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өзара байланыстыру.