Өңірде «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мұрагер» этноклубының қорытынды шарасы өтті. Жоба «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Екі ай ішінде 85 бала қазақ халқының ұлттық мұрасы, салт-дәстүрі мен қолөнері туралы білім алды.