Облыста ветеринария саласына жас мамандарды тарту мәселесі өзекті болып отыр. Қазіргі таңда өңірде 300-ге жуық ветеринар еңбек етеді. Алайда олардың басым бөлігі осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандар. Ал аудандардағы ветеринариялық инспекция бөлімдерінде бүгінде 4 маман жетіспейді. Саладағы кадр тапшылығының себебі неде және оны шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Толығырақ Асылан Мәліктің сюжетінде.