Өңірде "Конституция - мемлекеттіліктің іргетасы" атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті. Жиынға прокуратура, Әділет департаменті, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, сондай-ақ университеттің ғалымдары мен профессорлары қатысты. Басқосуда Ата заңның қоғамдағы рөлі мен құқықтық жүйедегі орны кеңінен талқыланды.