Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және әріптестік байланысты нығайту мақсатында дәстүрлі спартакиада жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биыл да бұл игі бастама өз жалғасын тауып, өткен жылы Мақат ауданынан эстафетаны қабылдап алған Қызылқоға ауданы өңірге қарасты барлық аудандардың командаларын өз төрінде қарсы алды.