2025 жылғы ресми деректерге сүйенсек, бүгінде елімізде 28 мыңнан астам ғылыми қызметкер бар. Ал олардың 56 пайызын әйелдер құрайды. Бұл ғылымдағы гендерлік теңгерімнің жоғары екенін көрсетіп отыр. Өңірімізде де жаңа инновациялық жобаларды қолданбалы зерттеулерге айналдыруда еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі - Салтанат Шармұхамбет.